19 Наурыз 2023 2023, 09:41
Фото: Алматы қаласының Өңірлік Коммуникациялар Қызметі
Сайлау-2023: Комиссия мүшелері ұлттық киімдерімен келді
Алматы қаласы сайлау учаскесінінің комиссия мүшелері ұлттық киімдермен келді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Алматы қаласы сайлау учаскесінінің комиссия мүшелері ұлттық киімдермен келді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Алатау ауданында №26 жалпы білім беретін мектепте орналасқан №33 сайлау учаскесінде комиссия мүшелері осынау қазақы камзол, бешпеттерді киіп келген.
Наурыз мерекесінің қарсаңында өткізіліп отырған шара сайлаушылардың көңілінен шығып, көпшіліктің назарын өздеріне аударды.
Айта кетейік, Алматыда 602 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін, Алматы қаласында алғашқы сайлаушыларға арнайы сыйлықтар беріліп жатқаны жайлы хабарлаған едік.