Сайлау-2023. Кандидаттар мен партиялар жұмсаған қаржысының есебін береді

Бұл туралы ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей, кандидат, саяси партия Орталық сайлау комиссиясына өз сайлау қорының қаражатын пайдаланғаны жөнінде есеп және сайлау қоры қаражатының барлық шығындары көрсетілуі қажет. Ал Орталық сайлау комиссиясы сайлау қорлары бойынша есептілікті сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін 5 күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды, - деп атап өтті ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров. 

Айтуынша, заңның талаптары осындай. 

Сайлау заңнамасында белгіленген барлық рәсімдік мерзімдерді сақтау маңызды. Сайлауда дауыс беру қорытындылары анықталып, Парламент Мәжілісі депутаттары сайланды. Сайлауды өткізудің жаңа форматы үлкен қоғамдық қызығушылық тудырды және саяси бәсекелестікті күрт жандандырды, - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы. 

Еске сала кетейік, ОСК Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлау қорытындысын жариялаған болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы