Сайлау-2021: Ұлттық байқаушылар желісін дамытуға көңіл бөлінеді

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Nur Otan партиясының өкілдері Нұр-Сұлтан қаласында Сайлауалды бейпартиялық байқау орталығы басшысымен кездесті.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Nur Otan партиясының өкілдері: партияның Орталық кеңсесі басшысының орынбасары Арман Капесов, Саяси жұмыс департаментінің директоры Ерлан Қарабалаев, Саяси жұмыс бойынша департамент директорының орынбасары Гүлбиғаш Омарова Сайлауалдыды бейпартиялық байқау орталығының басшысы Бану Нұрғазиевамен кездесті.

Кездесу барысында Бану Нұрғазиева Орталықтың қазіргі жұмысы туралы, оның бүкіл әлем бойынша ұлттық сайлаушылардың жаһандық желісіне мүше 250 ұйым қабылдаған қоғамдық ұйымдардың партиялық емес байқау мен сайлауалды байқаудың жаһандық қағидалары туралы декларациясына негізделгенін айтты.

Біздің орталықтың маңызды міндеті - сайлауды объективті байқау. Біз барлық байқаушылармен, соның ішінде партиялық байқаушылармен ынтымақтастыққа ашықпыз. Біздің Орталықтың алаңында ADAL және "Ауыл" партиялары байқаушыларының басшылығымен және үйлестірушілерімен кездесулер өтті, тағы үш партиямен кездесулер жоспарланған, - дейді Бану Нұрғазиева.

Nur Otan партиясының өкілдері байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Nur Otan партиясы сайлау күні бүкіл республика бойынша 10 мыңға жуық учаскелерді қамтуға ниетті. Бүгінгі кездесу барысында біз сайлауды байқаудың кейбір мәселелерін, байқаушыларды білікті даярлаудың маңыздылығын талқыладық. Сайлауды бейпартиялық байқау орталығы өзінің жоспарларымен және қандай мүмкіндіктері мен ресурстарымен таныстырды, - деді Ерлан Қарабалаев.

Саяси жұмыс департаменті директорының орынбасары Гүлбиғаш Омарова да өз пікірін білдірді.

Бізді шақырып, тәжірибе бөлісейік деген ниетіңізге рақмет. Расымен, қазір сайлауға бақылау жасау өте маңызды. Әсіресе, сайлауға қатысып жатқан саяси партиялар үшін. Қазір саналы қауымның ең бір қызған кезі. Сайлау күнінде әрбір сайлаушының дауысы ескерілуі үшін, сайлау еліміздің барлық заңнамаларына сәйкес өтуі тиіс. Оны бақылайтын, қадағалайтын, әрине, байқаушылар. Партиялық байқаушы болсын, бейпартиялық байқаушы болсын, мақсатымыз бір – сайлау процессінің әділ өтуі, заң бұзушылықты болдырмау, - деді ол.

Пандемия салдарынан халықаралық байқаушылар санының шектеулі болуына байланысты, кездесу барысында ұлттық байқаушылар желісін дамытуға, олардың сапалық деңгейін жақсартуға үлкен көңіл бөлінді.

Іс-шара соңында барлық кездесуге қатысушылар қоғамдық ұйымдар мен партиялық байқаушылардың бірлескен күш-жігері сайлау процесінің әділдігі мен адалдығын қамтамасыз етуі керек екенін растады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы