Сайлау-2021: Елбасы дауыс берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясының Төрағасы, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтандағы «Астана Опера» театрында орналасқан №115 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.



Аталған сайлау учаскесінің төрағасы Марат Мусиннің айтуынша, учаскеде 3 592 сайлаушы тіркелген.

Учаске уақытылы ашылды, сағат 07:00-ден бастап тұрғындар дауыс беруге келіп жатыр. Дауыс беруге келу қарқыны жақсы. Сайлау учаскесіндегі барлық рәсімдер заңнамаға сәйкес іске асырылды. Учаскеге сағат 06:00-ден бастап байқаушылар, БАҚ өкілдері келді. Таңертеңнен бері байқаушылар тарапынан ескертулер болмады, - деді Марат Мусин.

Бұған дейін жетінші Парламент пен мәслихат сайлауы басталғанын хабарлаған болатынбыз. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы