Мәслихатқа сайланатын депутаттардың саны анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Орталық сайлау комиссиясы сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 16) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарында сайланатын депутаттардың саны осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2. Қалалық мәслихаттарда сайланатын депутаттардың саны осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес айқындалсын.

3. Аудандық мәслихаттарда сайланатын депутаттардың саны осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес айқындалсын.

4. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

5. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының сайлау процесін ұйымдастыру бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қосымшаларды мына жерден көруге болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы