Саяжайдағы үйлерден ұрлық жасаған ақтөбелік тұрғын ұсталды

Ақтөбелік тұрғын ұрланған скутермен саяжайдағы үйлерден ұрлық жасаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер пәтер ұрлығын ашу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында скутермен жасырынуға тырысқан ақтөбелікті ұстады. Оның айдап жұрген скутері ұрланған скутер екені анықталды.

Алдын ала тергеу барысында 41 жастағы ер адамның төрт пәтер ұрлығына және екі скутер ұрлығына қатысы бары анықталды. Ұсталған адам негізінен ұсақ тұрмыстық техниканы, зергерлік бұйымдарды ұрлаған. Ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленді, ал бір бөлігін күдікті сатып үлгерген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы