Саяжай маусымы: ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелері туралы еске салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күн жылынып, саяжай маусымы басталды. Осы кездері өрт жағдайлары жиілей түсетіні белгілі. ШҚО Төтенше жағдай департаменті саяжай учаскелеріндегі өрт қауіпсіздігі ережелері туралы еске салды, деп хабарлайды Altaynews.
Саяжайдағы демалыс не жұмыс кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет. Олар:
- Мангалдан құрылымдарға дейінгі қашықтықты сақтау керек. Ғимараттар мен құрылыстарға дейін кемінде 10 метр болуы тиіс
- Бензинді немесе басқа жанғыш сұйықтықты пайдалануға қатаң тыйым салынады
- Желді ауа райында ешқандай жағдайда от жағуға болмайды
- Мангалдағы отты бақылау қажет
- Жақын жерде алғашқы өрт сөндіру құралдары болсын: су құйылған бөшке, өрт сөндіргіш
- Пайдаланғаннан кейін отты сөндіріп, мангалды қақпақпен жабу керек
- Үйлердің маңындағы саяжайларды тазалау кезінде от жағуға тыйым салынады. Өрт қауіпті кезеңде әсіресе осы талаптар қатаң сақталуы тиіс
Өрт сөндіру құралдары болған кезде ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта, арнайы темір сыйымдылықта қадағалаумен және желсіз ауа райында ғана от жағуға болады.