Саяси жаңғырту жалғасуда- Ермек Тоқтаров
Бұл туралы Президент жанындағы ҚСЗИ саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Ермек Тоқтаров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында халықтың сенім мандатына ие болу үшін кезектен тыс президенттік сайлауға түсуге дайын екенін ашық айтты.Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің өкілеттілік мерзімінің қысқаратынына қарамастан осындай шешім қабылдағанын атап өтті. Яғни Президент кезектен тыс президент сайлауын 5 жыл мерзімде өткізуді, ал президенттің өкілеттік мерзімін 7 жылға дейін ұзарту туралы бастаманы Парламентке сайлаудан кейін енгізуді ұсынды,- Президент жанындағы ҚСЗИ саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Ермек Тоқтаров.
Ол «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы алдағы кезектен тыс президент сайлауы жаңартылған ережелер бойынша өтуі үшін бір ғана жеті жылдық президенттік мерзім туралы норманы қабылдауды ұсынғанын айтып өтті.
Депутаттық топтан шыққан бұл бастама қоғамда дау-дамай тудырды. Сондықтан Президент Конституциялық кеңеске депутаттар ұсынған түзетулерді Ата Заң нормаларына сәйкес қарастыруды тапсырды. Мәселе шынымен де өте маңызды, өйткені біз Қазақстанның саяси тәжірибесінде болмаған норма туралы айтып отырмыз. Иә, 1998-2007 жылдар аралығында 7 жылдық президенттік өкілеттік Конституцияда бекітілген ,- дейді ол.
Оның айтуынша, президенттік өкілеттіктің бір мерзімді болуы – жаңашылдық.
Саяси жаңалықтар қоғамда әрқашан екіұшты қабылданады. Алайда бүгінде барлық азаматтар алдағы өзгерістерді қалайтыны даусыз. Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси жаңғырту бағыты осы әлеуметтік сұранысқа жауап береді және трансформацияның жоғары қарқынын айқындайды,- Президент жанындағы ҚСЗИ саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Ермек Тоқтаров.
Ол алға қойған мақсаттар орындалғанға дейін саяси процестердің динамикасын сақтау маңызды екеін айтты.
Осы орайда Мемлекет басшысының президенттік өкілеттік мерзімін 7 жылға дейін ұзарту, бірақ оны бір ретпен шектеу туралы бастамасы реформалар рухына, әлеуметтік сұранысқа толығымен сәйкес келеді,- дейді ол.