Саяси өзгерістер мен жаңа көшбасшылардың уақыты келді – Станислав Канкуров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтып берді.
Праймеризге құндылықтарды бөлісетін және сайлау құқығына ие мемлекеттің тағдырына бейжай қарамайтын кез келген адам қатысушы бола алады. Саяси өзгерістер мен жаңа көшбасшылар үшін уақыт келді. Қазақстандық қоғамда жаңа тұлғалар мен идеяларға сұраныс пайда болды. Сондықтан бұл жолы біз жастар мен әйелдерді өз қатарымызға тартуға ерекше көңіл бөлеміз. Праймеризді өткізу кезінде әйелдердің 30 пайызы, 35 жасқа дейінгі жастардың 20 пайызы болуы керек деп жазылған, - деді ол.Канкуров олар ел тарихында өз ізін қалдыратынына сенім артты.
Праймериз 5 кезеңнен тұрады. Кандидаттарды тіркеудің алғашқы кезеңі басталды. Ол 28 тамызға дейін жалғасады. Бүгінгі күнге дейін 96 алматылық тіркелді. Олардың 30 пайызы- әйелдер, 20 пайызы -жастар. Сондай-ақ, ерекше қажеттілігі бар адамдар, көпбалалы аналар мен еріктілер бар. Тіркеу аяқталған соң 30 тамызда партияның праймеризіне өтініш бергендердің толық тізімін жариялаймыз, - деді ол.Ол атағандай, үміткерлер 7 қыркүйектен 3 тамызға дейін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.
Осы кезеңде 14-30 қыркүйек аралығында барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра жариялық сайыстар өткізу жоспарлануда. Электронды дауыс беру 1-3 қазан аралығында жаңа ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Алматыда партия мүшелерінің саны 60 мыңнан асады. Партия мүшелері үш жолмен дауыс бере алады. Олар: мобильдік қосымша, сайт арқылы және сайлау учаскелерінде, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан Өзбекстанмен тауар айналымын арттырмақ
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы