«Саяси шешім бар». Министр «АрселорМитталға» қатысты пікір білдірді

Үкімет кулуарында Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «АрселорМиттал» компаниясы ел нарығынан кетуі керек пе?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілі министрден «АрселорМиттал» компаниясына қатысты қандай шешім болады?» деп сұрады.

Жамаубаев бұл мәселемен тікелей Роман Скляр айналысатынын айтты.

Мұнымен бұл істің айналасында жүрген нақты азаматтар айналысуы керек. Кез келген пікір келіссөздерге әсер етуі мүмкін. Мәлімдеме жасалды. Меніңше, саяси шешім бар. Сондықтан да жұмыс істейтін боламыз, - деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев. 

Бұған дейін депутаттар «АрселорМиттал» компаниясының басшылығын жауапқа тартуды талап еткен еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы