Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау – тәуелсіздік жемісі

«Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажының кезекті саны «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» жайлы болмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Халық жауларын анықтау» саясаты салдарынан Қазақстанда 100 мың адам сотталған, олардың 25 мыңы ең жоғары жазалау шарасы – ату жазасына кесілді.

Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша жұмыс басталды. 1993 жылы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды.

2020 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік комиссия құрылды.

2022 жылы мемлекеттік комиссия жұмысының нәтижесінде саяси қуғын-сүргін тарихына арналған материалдар мен құжаттардың 31 томдық жинағы жарық көрді. Кітаптар ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының түрлі санаттарына қатысты бұрын жарияланбаған архив құжаттары мен материалдарынан құралған. Осы және өзгеде ақпараттарды репортаждан біле аласыздар.

Бұған дейін «Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажы «Ұлттық құрылтай» туралы болған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы