Саяси қуғын-сүргін құрбандары. 494 іс Мемлекеттік комиссияның қарауына жіберіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс басшысы Даниал Ахметов саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның есебін тыңдады. 

Біздің тарихшылар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғалымдар үлкен әрі маңызды жұмыс атқарғанын бірден атап өткім келеді. Мұрағаттардан ақталмаған азаматтардың 2847 ісі табылды, олардың 2666-сы оңалту шарттарына жатады, комиссия барлық қажетті құжаттарды дайындап қойды. Өз туыстарының тағдыры туралы білгісі келетін адамдардың көптеген өтініштерінен кейін біз мамандандырылған портал аштық, онда сіз өтініш қалдыра аласыз, мамандар оны міндетті түрде қарастырады. Қазірдің өзінде 494 іс Мемлекеттік комиссияның қарауына жіберілмек, - деді өңір басшысы.

Сондай-ақ, комиссия күштеп жер аударылған адамдардың 203 ісін толық зерделеді, оның үстіне ұзақ жылдар ішінде алғаш рет олардың нақты саны анықталды. 

Жоғарыда айтылғандардан басқа, мамандар Ұлы Отан соғысы кезінде концлагерьлерде болған шығысқазақстандық әскери тұтқындардың істерімен жұмыс істеп жатыр.

Осы жұмысқа студенттерді, магистранттарды, волонтерлерді тарту қажет. Біз өз тарапымыздан оларды қажетті техникасымен қамтамасыз етуге дайынбыз. Тарих ұмытылмауы және бұрмаланбауы керек! Бұл саяси кезең толыққанды зерттелуі қажет, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы