Саяси партиялар тізімінде жастардың қамтылуы әсер қалдырды - Беларусь өкілі

Бұл туралы Беларусь Республикасы Ұлттық жиналыс өкілдерінің Палата қауіпсіздігі бойынша тұрақты комиссия төрағасының орынбасары Александр Маркевич мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Біз жаңа Орталық сайлау комиссиясының басшылығымен кездесу өткіздік. Комиссияның атқарып жатқан жұмыстары туралы егжей-тегжей баяндалды. 2017 жылы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы парламенттік ассамблеясынан бақылау миссиясы Қазақстан Республикасы болды. Қазір Қазақстанның белсенді жаңару жүйесі үшін көп іс атқарылды. Парламенттің төменгі палатасының сайлауы жаңа талап пен ереже бойынша өтеді. ОСК атқарып жатқан жұмыс пен жүйені, сайлауға дайындықты көрдік, - деп атап өтті ҰҚТШҰ Әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша ПА Тұрақты комиссия төрағасы. 

Сонымен қатар ол еліміздегі сайлау процесіне өз бағасын берді. 

Саяси партиялар сайлау процесіне белсене кіріскен. Сайлаудың өткізілуі мен төменгі палатаның құрылуы аралас жүйе бойынша өтетінін көрдік. Мажоритарлық округтер бойынша кандидаттардың тіркелгендігі туралы естігенде және тіркеуден өткен кандидаттардың санына қарап, оларға саяси процеске қатысу қызықты екенін аңғаруға болады. Өз басым Беларусь Парламентінің өкілі болғандықтан біздің елде де саяси жүйені жаңғырту жүріп жатыр. Бір жылдан астам уақыт бұрын конституциялық референдум жүргізілді. 2024 жылы 25 ақпанда бірыңғай дауыс беру күні өтеді. Төменгі палата мен жергілікті кеңестің депутаттары сайланады. Біз алған тәжірибе талданып, Беларусь Республикасының бірыңғай дауыс беруінде қолданылады, - деді Александр Маркевич. 

Айтуынша, сайлаудың бақылау миссиясына ұйымға мүше елдің бәрі қатысады. 

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы парламенттік ассамблеясынан бақылау миссиямыз ұйымға мүше барлық мемлекеттерден тұрады. Армения, Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан өкілдері кіреді. Саяси партиялар тізімінде жастардың, әйелдердің, мүмкіндігі шектеулі жандардың белгілі мөлшерін қамтуы әсер қалдырды. Қазақ халқына сайлаудың сәтті өтіп, елдің гүлденуін тілейміз, - деді Беларусь Республикасының өкілі. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы