Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша зерттеу жұмысы жайлы семинар өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласы облыстық архивте және С.Аманжолов атындағы ШҚУ-де саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша зерттеу жұмысы мәселелері жөнінде семинар өтті. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Семинарға оффлайн және онлайн режимдерінде қалалық және аудандық комиссиялардың төрағалары, жұмыс топтарының басшылары мен мүшелері, ғалымдар, мұрағат қызметкерлері, қоғам өкілдері қатысқан.
Жиында зерттеу жұмыстарын жүргізудің өзекті мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ «Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандарды іздеу» электрондық базасы әзірленіп, толтырылады, бұл мұрағатшылар, ғалымдар мен өтініш берушілерден деректер жинауды автоматтандыруға мүмкіндік берді. 1226 ақталмаған азаматтардың аты-жөні енгізілген, оның ішінде 20 өтініш беруші шығысқазақстандықтар. Олар туралы деректерді нақтылау бойынша жұмыс жүргізілуде, – деп жазды Берік Әбіғалиұлы.
Семинар қорытындысы бойынша жұмысты жүйелендіру, ақталмаған азаматтардың санаттарын бөлу, қалалық және аудандық комиссияларға әдістемелік қолдауды күшейту, қалалар мен аудандар бойынша қуғын-сүргінге ұшырағандардың санын анықтау, істерді құпиясыздандыру, өңірлік комиссияға саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі республикалық жұмыс топтарына нақты ұсыныстар енгізу ұсынылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада биыл 15 мектеп салынады
Өзгелердің жаңалығы