Саясаттанушы Қытаймен визасыз режимнің экономикалық тұстарын айтты
Қытаймен визасыз режимге өту ешқандай саяси қателік емес. Керісініше, екі елге де экономикалық көптеген мүмкіндік сыйлайды. Бұл туралы саясаттанушы Мақсат Жақау мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Жалпы Қытаймен тауар айналымы Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа енгелі қымбаттап, саны азайған кездер де болды. Оған дейін Қытаймен сауда төмен бағада жүретін. Салыстырмалы түрле айтсақ, ешқандай Қытайдың юаньні біздің теңгені басып кеткен жоқ. Себебі Қытай сауда-саттықты халықаралық тәртіппен, яғни доллармен жүргізеді. Сондықтанда бұл жерде қауіп мәселесі болмауы тиіс, - деді Мақсат Жақау.
Оның айтуынша, визасыз режим ешқандай да саяси қателік емес.
Бұл режим екі ел арасында үлкен экономикалық мүмкіндіктер беріп, халықаралық деңгейде байланысы тереңдетеді. Мысал ретінде Түркиямен байланысымызды айтсақ болады. Екі елдің арасындағы визасыз режимнің арқасында Түркияның да, бізің де азаматтар турист ретінде емін-еркін 1 ай жүре алады. Мұның тиімді екенін компаниялар да, кәсіпкерлер де жақсы біледі, - деді ол.
Саясаттанушы Қытаймен визасыз режим сауда саласында тепе-теңдікті сақтайды дейді.
Кезінде саясаттанушылар Еуразиялық одаққа кіру арқылы Қытай қаупінен арыламыз деген болатын. Бұл дәйек негізсіз болып шықты. Керісінше, біз ресейлік тауарларға тым тәуелді болып кеттік. Қытаймен визасыз режим сауда саласында тепе-теңдікті сақтайды деп ойлаймын, – деп пікір білдірді Мақсат Жақау.
Ол Қытайда тауардың 3 түрі шығатынын атап өтті.
Олар еуро стандарт, сапалы және сапасыз тауарлар деп бөлінеді. Біз барынша сапалы тауар ауға ұмтыламыз. Бізге біржақты Ресейдің тауарына қарап қалуға болмайды. Онымен қоса Қытай университеттерінде "қазақтану" орталықтары бар, – деді Жақау.