Саясаттанушы: Митинг туралы заң қоғамда ашық талқыланды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Сенат ұсынған түзетулерде бейбіт шеруге жиналатындардың құқығын арттырып, жиындарды ұйымдастыруды жеңілдететін нормалар бар. Бұл туралы саясаттанушы Жанар Тулиндинова аталған заңға қатысты пікір білдіру кезінде айтты.
Бүгін Сенатта "Қазақстан Респубилкасында Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасының екінші оқылымы өтті. Нәтижесінде Сенат құжатты толықтыру үшін Мәжіліске қайта жіберді.
Саясаттанушының айтуынша, Сенат ұсынған түзетулерде бейбіт шеруге жиналатындардың құқығын арттырып, жиындарды ұйымдастыруды жеңілдететін нормалар бар.
Біріншіден, сенаторлар митинг өткізетін орындардың санын нақты белгілеуді ұсынып отыр, яғни әр қалада шеру өткізетін орын қала орталығында үшеуден кем болмауы керектігі айтылды. Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласындағы арнайыландырылған орындар саны 12-ден кем болмайды, Алматыда - 24, Шымкентте -12 кем емес, - дейді ол.
Сонымен қатар, ол Парламенттің жоғарғы палатасы митинг ұйымдастырушыларға қойылатын міндеттемені 13-тен 10-ға дейін қысқартуды ұсынып отырғанын жеткізді.
Әсіресе жиынға келушілердің бетін киім немесе маскамен бүркемелеуі керек деген міндеттемені алып тастауды ұсынды. Яғни, Сенат Covid-19 инфекциясының таралуын ескере отырып, адамдардың қауіпсіздігі үшін жеке қорғаныш құралдарын пайдалануға жол беріп отыр. Бұл да құптарлық ұсыныс, - дейді Тулиндинова.
Сондай-ақ, ол сенаторлар бейбіт митингіні тоқтатуға негізделген тізім санын 7-ден 6-ға дейін қысқартуды ұсынғанын аятты. Яғни, келушілердің бірі қоғамдық тәртіпті бұзса, ол митингтің тоқтауына әсер етпеуі керек.
Жалпы Бейбіт шері өткізу туралы заң жобасын әзірлеу қоғаммен жан-жақты талқыланып, ұзақ уақыт қаралды. Заң жобасының тұжырымдамасы бірнеше қалада таныстырылып, қоғамдық тыңдау өтті. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі заң жобасын әзірлеуге қоғам белсенділерін, қоғам қайреткерлерін тарта отырып ашықтықты қамтамасыз етті, - дейді саясаттанушы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысында тағы төтенше жағдай жарияланды
Өзгелердің жаңалығы