Саясаттанушы: Алаш қозғалысын саяси ақтау жөнінде АКТ керек

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Белгілі саясаттанушы, ҚР Парламент депутаты Ерлан Сайыров осындай пікір айтты.

Тарих толқынында ел, ұлыс, мемлекет болып қалу екінің бірінің бағы емес. Төрткүл дүниеде 2000 жуық ұлттар бар. БҰҰ мүше 195 қана мемлекет бар. Қазақстан сол өзінің мемлекеттілігі бар, дүниежүзі мойындаған 195 мемлекеттің қатарында. Бұл біздің халық, біздің ұлт үшін жетістік, қуаныш, жауапкершілік - деп жазды ол өз парақшасында.

Оо осы тәуелсіздік үшін күрескен, қазақ халқының таихтың талай дүлей соққан буырқасынынан аман-есен шығуына ықпал жасаған, ұлт үшін өзінің өмірін қыйған, халық үшін саналы түрде қаза болған тарихи тұлғаларымызды қошеметтей алдық па? - деген сауалға жауап береді.

Қазақ хандарының тарихы бір бөлек дүние. Оларды зерттеу тарихи жадының маңызды компоненті.

Қазір біз XX ғасырдың басында қазақ әлемінде пайда болған, біздің халқымызды технологиялық, рухани жаңа сатыға көтеруге ат салысқан, «қазағым» деп өмірден өткен ардақты Алаш қайраткерлері жөнінде болмақ - дейді депутат.
Ол алаш қайраткерлерінің еңбектеріне деген сүйіпеншілігі, құрметі ерекше екенін айтады.

Мен Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып

Дулатовтың, Мағжан Жұмабаевтың еңбектерін оқыған кезде, көзіме жас үйіріледі. Өздері жап-жас, «қағанағы қарқ сағанағы сарқ» емес, патша өкіметінің қудалауында жүріп, ешқандай материалдық фундаменті болмай қаншама жұмысты бітіріп тастаған! - дейді Ерлан Сайыров.

Алаш қозғалысы XX ғасырдағы қазақ халқының қайта түлеп шығуына, ұлтымыздың пассионарлық деңгейінің еселеп өсуіне, керек болса, қазақ халқының интеллектуалдық деңгейде ұлт болып қалуына еңбек еткен басты қоғамдық-саяси күш.

Бұл - аксиома! Қазақ халқының интеллектуалдық, қоғамдық, рухани қалыптасуына, батыстың мәдениеті мен шығыстың руханиятын тең ұстауға, өзінің қазақи түп-тамырын ұмытпауына еңбек еткен универсалды топ болған.

Алашты біз күнде жаңа деңгейде, жаңа көзқараста ашуымызға мүмкіндік жасауымыз керек. Алаш қайраткерлерінің жазып кеткен сол кездегі Қазақстанның Конституциясы сол заманның саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамуының ең озық үлгілерін қабылдаған өте жоғары прогрессивті құжат - дейді ол.

Бұл батыстық үлгіден асып кеткен, әлеуметтік әділеттілік пен азаматтардың құқы аясында жасалған бірегей құжат екенін айтады депутат.

«Социалистік реализм» кезеңінде қазақтың рухани әлемін дамытуға басты үлес қосқан Мұхтар Әуезов, Қаныш Сатпаев, Әлкей Марғұлан алаштың жас жеткіншектер қанатының өкілдері. Бүгінде біз осы азаматтардың алдында бас ие отырып, олардың аруағын сыйлай отырып, «Алаш» қозғалысын саяси және рухани /реабилитация/ ақтау жөнінде, Алаштың қазақ халқы үшін таптырмас құндылықтары жөнінде Ұлттық құжат қажет деп есептеймін! Бұл әр-бір исі қазақтың, Қазақстанның патриот азаматының тарих алдындағы ақиық азаматтар алдындағы борышы! - дейді Парламент депутаты.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы