Саясаткер Президенттің Ашхабатқа бару себебін түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Саясаттанушы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси қадамына баға берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадта Халқ Маслахатының Төрағасы, Гурбангулы Бердымухамедовты Қазақстан Республикасының ең жоғары марапаты “Алтын Қыран” орденымен марапаттады. Бұл қадам кейбір либерал-демократтарға түсініксіз болып көрінуі мүмкін. Бірақ Түрікменстанның картасын қарап отырсаңыз, көп нәрсені аңғаруға болады, -деді Самат Нұртаза Facebook-тегі парақшасында.
Самат Нұртазаның сөзінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Иранға бару себебі сауда-саттық келісімдер мен Каспийды айналма жолын да ұсыну мақсатында барған.
Президентіміз Түркияға Иран арқылы тауар таситындай қылып кетті бірақ Иранға жету үшін жолда Түрікменстан тұр. Кезінде Назарбаев Кіші Бушқа бара жатып, Үлкен Бушқа ұшақты бұрған тәрізді, Қасым-Жомарт Кемелұлы да Аркадагтың көңілін аулап кетті. Орталық Азияда “Әке” ұғымы өте жоғары дәрежеде тұратынын барлығымыз білеміз. Оның үстіне наурызда ғана президент болған Сердар қиналғанда Аркадагқа жүгіретіні түсінікті. Тоқ етері, Түрікменстан керек ел, көрші ел. Ішкі жағдайы - ішкі проблемаларына араласпаймыз. Бастысы Қазақстанның мүддесі. Соны естен шығармайық, -деді саясаттанушы.