Саясат Нұрбек: ЖОО реформалары, ЖИ нәтижесі, шетелдік білім инвестициялары туралы толық сұхбат
Алдағы санаулы жылдардан кейін-ақ студент жастардың күнделікті өмір сүру салты мен білім алу үрдісіне жасанды интеллект толықтай енеді. "Ол тіпті ұстаз-профессорларды да алмастырады" дейді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Ведомство басшысының айтуынша, Қазақстан жасанды интеллектінің потенциалын өз азаматтарына толықтай жеткізген әлемдегі санаулы елдердің бірі. Енді оны тек жетілдіріп, барынша тиімді пайдалану міндеті тұр.
"Baq.kz" YouTube-жобасының қонағы болған министр жоғары білім саласындағы жұмсақ күш, Қазақстанда ашылып жатқан шетелдік университеттердің филиалдары мен олардың миссиясы, шетелдік студенттерден түсетін триллиондаған табыс туралы қызықты деректер айтып берді. Мәселен, қазіргі таңда елімізде шет елдерден келген 31,5 мың студент болса, олардан бір жылда қазынаға 30 млрд теңге түскен. Ал, 2018 жылы бұл көрсеткіш 150 мың студентке жетіп, мемлекет бюджеті қосымша 1 трлн теңгемен толығады.
Эксклюзивті сұхбат барысында Саясат Нұрбек 8 тілді қалай меңгергенін, ата-әженің тәрбиесі мен "адал адам" болудың ең негізгі қағидаттары туралы айтып берді.