Саясат Нұрбек: Ұлттық деңгей өңірлік экономиканың ерекшелігін көрсетпейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа ұлттық жоба - "Қазақстанның мамандықтар мен құзыреттер атласы" туралы BTS Education ЖШС бас директоры Саясат Нұрбек Павлодарда өткен педагогтердің тамыз конференциясында айтты. Бұл туралы Pavlodarnews.kz сайты хабарлады.
Өңірлік атласқа 40 мамандық енді. Сарапшылардың болжамы бойынша, алдағы 5-10 жылда Ертіс өңірінде сұранысқа ие болады. 14 мамандық бойынша білім беру бағдарламаларының негізі дайын. Кез-келген колледж атластағы мамандықтардың бірін таңдап, сол бойынша оқу жоспарын дайындай бастайды.Ұлттық деңгей өңірлік экономиканың құрылымы мен ерекшелігін көрсетпейді. Біз әкімдіктерге терең зерттеу жүргізуді ұсындық, - деді Саясат Нұрбек. – Бұл алдағы 5 жылда өңір экономикасының құрылымында өзгерістер болатынын көруге мүмкіндік береді. Мұндай құралдың әлеуетін түсінген бірінші облыс - Павлодар облысы. Бұл еңбек нарығының қажеттілігін болжау үшін де қажет.
Сонымен қатар, Саясат Нұрбек кәсіптік бағдар беру диагностикасы туралы айтып берді. Ол балалардың дағдылары мен бейімділіктерін анықтауға және жоғары сынып оқушыларының кім болғысы келетінін түсінуге көмектеседі.Әр жарты жыл сайын білім беру мекемелерінің алдына міндеттер мен талаптар қою үшін өнеркәсіп кәсіпорындардың, жоғары оқу орындарының, колледждердің өкілдерін жинауға болады, - деп ұсынады ЖШС директоры. - ЖОО мен колледждер өздерінің оқу бағдарламаларын кәсіпорындардың сұранысына қарай түзететін болады.
Саясат Нұрбек мұндай диагностиканың маңызы зор дейді. Бұл мұғалімдер мен шенеуніктерге тәрбиеленушілердің алдағы 3-5 жылдан кейін не болатынын түсінуге мүмкіндік береді.Колледжге түсуге немесе Павлодар облысының білім беру жүйесінен шығуға ниет білдірген адамдардың толық көрінісі бар, - деп атап өтті BTS Education басшысы. - Егер біз осы аналитиканы тұрақты жүргізетін болсақ, онда кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыс қандай болу керектігін түсіне аламыз.