Саясат Нұрбек сүйінші жаңалығымен бөлісті

Ғылым және жоғары білім министрлігі Оңтүстік Кореяның бірнеше университетімен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ақорданың кулуарында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, Кореяның ғылым және ақпараттық технологиялар министрімен KAIST – Кореяның ең мықты зерттеуші университетімен арнайы меморандумға қол қойған.

Енді Корея үкіметінің, KAIST университетінің көмегімен Қазақстанда KAIST-Қазақстан деген мықты халықаралық деңгейдегі зерттеуші университет пайда болады. Корея тарапы толыққанды өзінің ішкі бағдарламалары мен академиялық мазмұнымен тегін бөлісуге, KAIST-тың бұрынғы президенті келіп, бізге көмектесуге дайын. Бұл өте жақсы жаңалық. Неге десеңіз KAIST 1971 жылы Стэнфорд университетінің көмегімен аяққа тұрған, сол кезде АҚШ-тың үкіметі Кореяға қатты көмектескен. Қазіргі таңда Азиядағы ең мықты зерттеуші университеттердің бірі болып есептеледі. Олар тек қана Phd және магистратура бағдарламаларымен жұмыс істейді. Яғни, ең мықты зерттеушілерді дайындайды,-деді ол.

Бүгін де Корея үкіметі мен министрлік арасында арнайы келісімшартқа қол қойылады.

Енді біздің зерттеушілерімізге Кореяның ең мықты университеттерінде және зертханаларында оқуға, тағылымдадан өтуге, зерттеулермен айналысуға мүмкіндік беріледі. Бұл «Болашақ» және басқа да бағдарламалардың аясында жүзеге асырылады. KAIST, SeoulTech мықты университетте өздері де гранттарды беріп, Қазақстанға келуге дайын. Тағы да екі келісім шартқа қол қойылады. Біріншісі SeoulTech Кореяның ұлттық ғылыми-техникалық университеті, Қорқыт ата университеті негізінде бірінші жасанды интелект мектебі ашылады. Киберқауіпсіздік, жасанды интелекет және компьютерлік инженерия үш бағдарламамен бастаймыз,-деді Саясат Нұрбек.

Оның айтуынша, студенттер кәріс және ағылшын тілінде оқиды.Үш жыл Қазақстанда, бір жыл Кореяда екі дипломмен шығады. Кореяның ең мықты оқытушы-профессорлары келіп, Қорқыт ата университетінің базасында Қызылордада сабақ береді.

Төртінші құжат Тэджон деген қаласында. Woosong жеке меншік университеті бар. Түркістан қаласында келесі жылы үлкен филиал ашылады. Компьютерлік инженерия, бағдарлама жасау, киберқауіпсіздік саласында бағыты оқытылады. Неліктен Түркістан қаласынын таңдадық. Өздеріңізге мәлім ең тез халық саны өсіп келе жатқан өңір. Орта жас 26-27 жас. Ақпарттық технологиялар саласы ең көп жұмыс істейтін сала. Woosong университетнің қазақстандық түлектерін тікелей Кореяға барып жұмыс істеуге мүмкіндіктері болады. Жұмыс визалары ресми түрде беріледі,-деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы