Саясат Нұрбек: Қазақстан ғалымдары – зерттеу саласының жарқын бағытын айқындатын қайнар көз
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бүгінгі кәсіби мереке – Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Барша ғалымдар мен зерттеушілеріміздің дүниені тануға деген ұмтылысын, олардың зияткерлік күш-қуатын, ғылыми жаңалық ашудағы үлесін ерекше атап өткім келеді. Қазақстанның ғылыми қауымдастығы – қисыны қиын ғылыми мәселелерді шешуге қабілетті, зерттеу саласының жарқын бағытын айқындатын шабыт пен жаңашылдықтың қайнар көзі. Ел алдына қойылған ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық сұрақтарды шешуде фундаменталды да, қолданбалы ғылымның рөлі ерекше, деп жазды ол өзінің Facebook парақшасына.
Ол министрліктің және өз атынан ғалымдар мен зерттеушілерге, ғылым саласына жақын барша ұжымға алғысымды білдірді.
Ерен еңбектеріңіз бен тәжірибелеріңіз – еліміздің өркендеуінің баға жетпес қайнар көзі! Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Жаңа белестерді бағындыруды, жаңа жетістіктер мен инновациялар тілеймін! Қазақстандық ғылымның дамуына қосқан үлестеріңізге алғыс білдіремін!- деп құттықтады министр.
Айта кетейік, 12 сәуір күні Қазақстанда Ғылым қызметкерлері күні аталып өтіледі.