Саясат Нұрбек Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы елшісімен кездесті

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Николаас Якоб Схермерспен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында тараптар ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастық аясындағы бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.

Ведомство басшысы Елшіге Қазақстанның жоғары білім және ғылым жүйесін дамыту және нығайту мақсатында министрлік жүргізіп жатқан реформалар туралы айтып өтті. Оның ішінде Орталық Азияда білім беру хабын құру жоспарлары туралы сөз етілді. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев анықтаған министрліктің негізгі басымдықтары да таныстырылды.

Мемлекет басшысы ғылым және жоғары білім министрлігінің алдына Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу міндеттерін қойып отыр. Осы мақсатта ҚР Үкіметі ынтымақтастық кеңістігін кеңейту үшін жағдай жасауда, - деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Өз кезегінде Николаас Якоб Схермерс мырза Нидерландының екі ел арасындағы салалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілігін білдіріп, Саясат Нұрбекті Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы елшілігінің қызметімен таныстырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы