Саясат Нұрбек Мәжіліс депутаттығына ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Бүгін Nur Otan партиясының Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен 28 ақпанда Саяси кеңестің отырысын өткізу туралы шешім қабылданды. Онда партияның кезектен тыс XXII Съезінің күн тәртібі бекітіледі.

Бұл туралы Асхат Оралов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Сондай-ақ, Саяси кеңес Бюросының қаулысымен Nur Otan партиясынан Парламент Мәжілісі депутатының бос мандаты партиялық тізім бойынша Саясат Нұрбекке берілу туралы шешім қабылданды, - деп жазды ол.

Тиісті шешім Орталық сайлау комиссиясына жіберілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы