11 Наурыз 2026, 17:00
Фото: kisi.kz/
Саясат Нұрбек: Инновация мен ғылым – жаңа Конституцияның стратегиялық басымдығы
Министр бұл мәселелерді шешудің жолы ретінде білім мен ғылымның рөлін ерекше атап өтті.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек технологиялық дамудың қоғамға әсері мен еліміздің негізгі заңындағы жаңа бағыттар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңдағы әлемдік технологиялық серпіліс тек даму әкеліп қана қоймай, бірқатар теңгерімсіздіктерді де тудырды. Атап айтқанда:
-
Өңірлік және географиялық алшақтық;
-
Технологиялық дефицит;
-
Экономикалық теңсіздік.
Саясат Нұрбек бұл мәселелерді шешудің жолы ретінде білім мен ғылымның рөлін ерекше атап өтті.
Инновация, адами капитал, білім мен ғылым мәселелерінің жаңа Конституцияның басты мәндерінің біріне, оның стратегиялық басымдығы мен негізгі құндылықтарына айналып отырғаны мен үшін үлкен қуаныш, - деді министр.