Саясат Нұрбек: Ғылымға жастардың келуі – дамыған Қазақстанның кепілі

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңір студенттерімен кездесу өткізіп, дәріс оқыды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Amanzholov University-де TEDx форматында өткен дәріске 500-ге жуық студент қатысты. Бұл формат идеялармен алмасудың заманауи құралы ретінде танылып, мотивацияның сарқылмас көзіне айналып отыр.

Кездесу барысында министр жастарға ғылымдағы негізгі басымдықтар, оқу үдерісіне жасанды интеллект енгізу және болашақ мамандықтары туралы айтты.

Саясат Нұрбектің айтуынша, Қазақстан ғылымына жаңа жас ғалымдардың келуін қамтамасыз ету барлық салаларға әсер етеді: ауыл шаруашылығы, тау-кен ісі, металлургия, машина жасау, энергетика және экология. Университет ғылымы отандық ғылыми базаны жаңа әзірлемелермен және жас кадрлармен толықтыруда маңызды рөл атқарады. Оны дамыту Министрліктің басым міндеттерінің бірі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов Архив BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы