9 Ақпан 2023 2023, 16:34
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Саясат Нұрбек елдегі ғылымды сақтап қалу жолын атады
Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында еліміздегі ғылымның өзекті мәселелерін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында еліміздегі ғылымның өзекті мәселелерін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министр мемлекет басшысы тапсырмасы аясында Қазақстанның ғылым саласын қаржыландыру үш жарым есе ұлғайғанын атады. Алайда ол Саясат Нұрбектің ойынша елдегі ғылымды сақтап қалу үшін жеткіліксіз
Егер біз Қазақстандағы ғылымды сақтап қалғымыз келсе, жалпы ішкі өнімнің 1%-ы ғылымға жұмсалуы тиіс, - деді министр.
Сонымен қатар, Саясат Нұрбек сұхбатта Қазақстанда білім саласы өзін-өзі қамтамасыз етіп, өзінің білім беру өнімін экспортқа бағдарлауға ден қойған жетекші шет мемлекеттердің тәжірибесіне сүйену керегін айтты.