28 Тамыз 2026, 19:18 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Саясат Нұрбек: 2027 жылы ҰБТ дәстүрлі форматта өтеді 

Алдағы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу дәстүрлі форматта өтеді. Ал AIT тесті біртіндеп пилоттық жоба ретінде енгізілмек. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Саясат Нұрбектің айтуынша, кейінгі 27 жыл ішінде ҰБТ-ны 3 миллион 93 мыңға жуық оқушы тапсырған.

Келесі жылы да ҰБТ дәстүрлі форматта өткізіледі. Ал 2027 жылы барлық зерттеу аяқталғаннан кейін AIT тестін пилоттық режимде енгіземіз. Неге пилоттық форматта? Себебі біз оны алдымен толыққанды тексерістен өткізіп алуымыз керек, – деді Саясат Нұрбек.

Министрдің сөзінше, жаңа тестілеу түрі жан-жақты тексерістен өткен соң, 2028 жылдан бастап ҰБТ-мен қатар қолданысқа енеді. Мұнда тестің қай түрін тапсыратынын оқушының өзі таңдайды.

Еске салайық, бұған дейін ҰБТ-2026-да қанша талапкер грант конкурсына өткені хабарланды