24 Маусым 2024 2024, 20:54
Фото: pixabay.com
Саябақта суицид жасаған әйел өз қызын тұншықтырып өлтірген
Алматы саябағында шолу дөңгелегінен секіріп кеткен бойжеткен өлер алдын өзінің қызын тұншықтырып өлтірген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы саябағында шолу дөңгелегінен секіріп кеткен әйел өлер алдын өзінің қызын тұншықтырып өлтірген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Zakon.kz мәліметінше, марқұм бұған дейін Алматы облысының Іле ауданында тұрған екен.
Суицидке бармас бұрын ол үйіндегі кішкентай қызын тұншықтырып өлтірген көрінеді.
Алматы облыстық полиция департаменті бұл деректі растапты.
Кәмелет жасына толмаған қыздың өліміне байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат жария етілмейді, - деп қысқа қайырды ведомстводағылар.
Еске салсақ, бүгін Алматыдағы Горький атындағы саябақта жас қыздың биік аттракционнан секіріп кетіп, мерт болғаны белгілі болды.