Саябақта ит жетектеген тұрғындарға ескерту жасалды

Алматы, BAQ.KZ. Әуезов ауданының экология бөлімінің инспекторлары учаскелік полициясымен бірігіп, ауданның санитарлық жағдайына бақылау жүргізді. Бұл туралы Әуезов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бақылау барысында 10 шағынаудандағы желілік саябақтарда үй жануарларын серуенге алып шығатын тұрғындарға Алматы қаласының көріктендіру ережесі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Оларға жасыл белдеулер, яғни көгалдандырылған аймақтарды бастырмауға және өздерімен бірге үй жануарларынан қалған қалдықтарын жинап жүру үшін әрдайым арнайы қалташа алып, тазалық сақтау жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді. Тәртіпті сақтамаған жағдайда тиісті әкімшілік жазаға тартылатындығы ескертілді, - делінген хабарламада.

Қала әкімдігі азматтарға үй жануарларын серуендетуге алып шыққанда тазалықты сақтау қажеттігін ескертеді.

Қоғамдық орындарда үй жануарларын серуендеткенде, өзге тұрғындардың қауіпсіздігіне кедергі келтірмей және тазалық сақтауларыңызды өтінеміз. Естеріңізге сала кетсек, ауданда №8 және №10 шағынаудандарда үй жануарларын серуендеуге арналған арнайы аумақтар бар. Қарамағыңыздағы үй жануарларыңыздың қоғамдық орындарда тазалық сақтар, әрі қауіп тудырмай жүруін қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз!, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы