Сауранда 1000 түп жеміс ағашы отырғызылды

Бүгін Сауран ауданы, Шорнақ елді мекенінде «Тал егу – игі іс» акциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркістан облыстық мәлихатының депутаттары, аудандық мәслихат депутаттары, зиялы қауым мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жастар қатысты.

Акция аясында «Шорнақ» мешітінің 3,5 гектар аумағына 1000 түп жеміс ағашы отырғызылды. Аудан тұрғындары алдағы уақытта бұл жерді үлкен саябаққа айналдыруды жоспарлап отыр. Ауданның дамуында көшелерде көгалдандыру және абаттандыру, тазалық жұмыстарын уақытылы орындау маңызды, - деп жазды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ауданда жыл сайын көктем мезгілінде жаңадан ағаш отырғызу жұмыстары басталады. Оны ауыл тұрғындары болып жалғастыру дәстүрге айналғандай. Осылайша, жергілікті тұрғындар да ауданының көркеюіне өз үлесін қосып келеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы