Сауна әкімшісін соққыға жыққан адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде саунада ер адамның әйелге қол жұмсаған видеосы тарады.
2022 жылдың 4 ақпанында Қосшыдағы сауналардың бірінде болған.
Ақмола облыстық полиция департаменті хабарлағандай, 2022 жылғы 2 сәуірде аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бейнежазбаға түсірілген адамдар 02.04.2022 жылы саунада болып, алкогольдік ішімдік ішкен.
Сағат 07:30 шамасында мекеменің басқарушы директоры, 31 жастағы Қосшы қаласының тұрғыны шоттың төленбеу себебін білу үшін келушілерге түседі, олардың бірі әйелді ұра бастаған. Жедел іздестіру шаралары барысында 44 жастағы Қосшы қаласының тұрғыны мен Нұр-Сұлтан қаласының 36 және 37 жастағы екі тұрғыны анықталды, - делінген хабарламада.
Қосшы қаласының 44 жастағы тұрғыны мен Нұр-Сұлтан қаласының 36 жастағы тұрғынының қанында алкогольдің бар-жоғын тексеру кезінде жеңіл және орташа дәрежедегі мас күйі анықталды.
Олар Нұр-Сұлтандағы дәрігерлік амбулаторияға орналастырылды.
Сауна меңгерушісіне дене жарақатын салған күдікті 37 жастағы азамат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Целиноград ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды.