Сәуірде жас ғалымдар саммиті өтеді

Елімізде сәуірде Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен жас ғалымдар саммиті өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Саммит 2024 жылы 12 сәуірде Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтеді.

Жас ғалымдар саммиті тәжірибе мен білім алмасуға, сондай-ақ әртүрлі сектор өкілдері арасында байланыс орнатуға арналған алаң болып табылады, – деп жазылған хабарламада.

Отырыста пәнаралық ынтымақтастықтың өзекті тақырыптары, ғылым мен мемлекеттік және жеке сектор арасындағы өзара іс-қимыл перспективалары, сондай-ақ Қазақстандағы ғылыми зерттеулерді дамытудың негізгі міндеттері мен мүмкіндіктері талқыланады.

Бағдарламада тақырыптық талқылаулар мен лекциялар, шеберлік сабақтар сен пікірталастар өткізу жоспарланған.

Шараға аспиранттар, докторанттар, ғылыми орталықтар мен жоғары оқу орындарының қызметкерлері, мемлекеттік сектор, бизнес және компаниялардың өкілдері қатысады.

Шараға қатысуға тіркелу 2024 жылдың 1 сәуіріне дейін сілтеме арқылы жүзеге асырылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Өзгелердің жаңалығы