Саудиялық шейхтер Хабибке 100 млн доллар төлеуге әзір
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауд Арабия елінің шейхтері Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор МакГрегормен және американдық Флойд Мейуэзермен жекпе-жек өткізсе, 100 миллион доллар төлеуге дайын, деп хабарлайды Sport24.
Хабибтің әкесі айтқандай, Конор кейбір файтерлерді жеңуі тиіс (Нурмагомедовтен қарымта қайтаруы үшін), сонымен қатар қаржылық жағынан да тиімділігі болуы керек. Мен саудиялық бірнеше адамды білемін, олармен таныстым. Олар Хабибке Сауд Арабиясында Конорға қарсы жекпе-жек өткізсе 100 миллион доллар береміз дейді. Олар сонымен бірге Сауд Арабиясында Флойдпен жекпе-жек үшін де 100 миллион доллар төлеуге әзір, - дейді Хабибтің менеджері Абдел Азиз.
Еске сала кетелік, бұған дейін Мейуэзер Instagram желісіндегі парақшасында Нурмагомедов және МакГрегормен 2020 жылы өткізілуі тиіс жекпе-жектің хабарландыруларын жариялаған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Астананың" жаңа ойыншысы Эбонг туралы не білеміз?
Өзгелердің жаңалығы