Саудия шекарасын толық ашатын күнді белгіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауд Арабиясы елге кіруге қойылған шектеулер толығымен алынып тасталатын күнді белгіледі.

Халықаралық рейстер 2021 жылдың 31 наурызында қайта басталады Бұл туралы Saudi Gazette хабарлады, деп жазады kazislam.kz.

Барлық әуе, теңіз және құрлық шекаралары қайтадан ашылады. Бұл шаралар коронавирустың Корольдікте таралуын болдырмау мақсатындағы сақтық шараларына сәйкес жүзеге асырылатындығы көрсетілген.

Егер Сауд Арабиясында қалыпты жағдай сақталатын болса, биыл әлем мұсылмандары қажылық парыздарын толыққанды өтеуге мүмкіндік алмақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы