Саудагерлерге жасырын комиссиялар қосуға тыйым салынды

Қазақстанда ішкі сауда бойынша жаңа ережелер күшіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл шаралар бағаны ашық көрсетуді арттыруға және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, әр тауардың бір ғана бағасы болуы тиіс, ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне жасалатын сауда үстемесіне жасырын комиссиялар, алымдар, несиелік және сақтандыру шығындарын қосуға тыйым салынды.

Бұл туралы Астана қаласы Сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ғалымжан Ілиясов брифингте айтты. Оның айтуынша, жаңа нормалар 2025 жылғы 11 қазаннан бастап күшіне енді және стационарлық сауда мен электрондық коммерцияға қатысты.

Енді сауда нысандары бөлшек төлеммен сатылатын тауарларға жеке бағаларды көрсетуге міндетті және баға белгілері максималды ашық болуға тиіс. Сондай-ақ, отандық өнімдерді орналастыру және әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдеріне толық құжат пакетін ұсыну талаптары енгізілді: жеткізу келісімшарттары, тауарлық-сәйкестендіру құжаттары, шот-фактуралар және сатып алу мен сату бағасын растайтын құжаттар.

Ільясовтың сөзінше, бұл жаңашылдықтар негізсіз бағаның өсуін қысқартуға, тұтынушыларды артық төлемнен қорғауға және өнім сапасы мен заңдылығын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлер мен сауда нысандарына жаңа ережелерді қатаң сақтау және қызметінде оларды ескеру ұсынылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы