Сауда және интеграция министрлігі, Құс өсірушілер одағы және Қазақстан жұмыртқа өндірушілері қауымдастығы меморандумға қол қойды
ҚР Сауда және интеграция министрлігі, Құс өсірушілер одағы және Қазақстан жұмыртқа өндірушілері қауымдастығы бірлесіп меморандумға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Сауда және интеграция министрлігі жыл соңына дейін С1 санатындағы жұмыртқа бағасын тұрақтандыру бойынша Қазақстан құс өсірушілер одағымен және Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Бұл келісім маусымдық қымбаттау кезеңінде жұмыртқа бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік беретін болады.
Жасалған меморандум аясында одақ пен қауымдастық отандық құс фабрикаларымен бірлесеотырып 1-санаттағы жұмыртқалардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, осы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына мереке қарсаңында бағаның күрт және негізсіз өсуін болдырмау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
Өз кезегінде ҚР Сауда және интеграция министрлігі кәсіпорындарындағы сауда үстемесінің сақталу мәніне күнделікті баға мониторингін жүргізетін болады.