+23

Сауда соғысы: Трамп Еуропа елдеріне 9 шілдеге дейін уақыт берді

АҚШ президенті Дональд Трамп Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен сөйлескеннен кейін Еуроодақпен тариф мәселесі бойынша келіссөздердің мерзімін 9 шілдеге дейін ұзартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін маған Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен қоңырау шалып, маусымның басына белгіленген 50 пайыздық тарифке қатысты мерзімді ұзартуды сұрады. Мен бұл өтінішке келісіп, мерзімді 2025 жылдың 9 шілдесіне дейін ұзарттым, – деп жазды Трамп Truth Social желісінде.

Өз кезегінде Урсула фон дер Ляйен X әлеуметтік желісінде Трамппен «жақсы әңгіме» болғанын айтты.

Еуропа келіссөздерді жылдам әрі нақты ілгерілетуге дайын. Жақсы мәмілеге қол жеткізу үшін бізге 9 шілдеге дейін уақыт қажет, – деді ол.

Жұма күні Трамп келіссөздердің баяу жүріп жатқанын сынап, 50 пайыздық кедендік баж салығын енгізетіні туралы ескерту жасаған еді.

Ал Германияның қаржы министрі Ларс Клингбайль жексенбіде бұл мәселеге қатысты АҚШ қаржы министрі Скотт Бессентпен сөйлескенін айтып, Вашингтонмен келіссөздер жүргізуге шақырды.

Бізге арандату емес, шынайы келіссөздер қажет. Америкалық тарифтер АҚШ экономикасына да, Германия мен Еуропа экономикасына да бірдей қауіп төндіреді, – деді ол Bild газетіне берген сұхбатында.

АҚШ тарифтеріне ЕО-ның қарсы шаралары қандай?

Трамп бұған дейін үш түрлі тариф пакетін енгізген: болат пен алюминийге, сондай-ақ автомобильдерге – 25 пайыз; ал кейінірек бүкіл импортқа 20 пайыздық "жауапты" баж салығын ұсынған, бірақ бұл кейінге шегерілген. Сонымен қатар, негізгі 10 пайыздық тарифтер күшінде қалып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы