Сауда соғысы: Қытай канадалық өнімдерге баж салығын енгізеді

Қытай сенбі күні Канададан әкелінетін ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдеріне қосымша баж салығын енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ City News-ке сілтеме жасап.

Жаңа баж салығы 20 наурыздан бастап күшіне енеді. Канаданың рапс майы, күнжарасы мен бұршақ дақылдарына 100 пайыздық қосымша салық салынады, ал шошқа еті мен су өнімдеріне 25 пайыздық баж салығы енгізіледі.

Қытай бұл шараларды Канаданың өткен жылдың қазан айында қытайлық импортқа баж салығын енгізуіне жауап ретінде қабылдаған. Сол кезде Оттава Қытайда өндірілген барлық электр көліктеріне 100 пайыздық, ал болат пен алюминийге 25 пайыздық салық салған еді.

Канада Қытайдың қарсылығына және бірнеше рет жүргізген келіссөздеріне қарамастан, электр көліктері, болат, алюминий және басқа да тауарларға қатысты біржақты шектеу шараларын қабылдады. Бұл Қытай мен Канада арасындағы экономикалық және сауда қатынастарына нұқсан келтіреді, — делінген Қытайдың кеден қызметінің мәлімдемесінде.

Канада бұл тарифтерді 2023 жылдың тамызында енгізген болатын. Бұған дейін АҚШ пен Еуропалық Одақ Қытайда өндірілген электр көліктері мен басқа да тауарларға осындай баж салығын салған еді. Батыс елдері Қытай үкіметі өз өндірісіне артық субсидия беріп, әділетсіз артықшылыққа ие болып отыр деп мәлімдейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы