Сауда соғысы бәсеңдей ме: Трамп Қытайға көмектескісі келетінін мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Құрама Штаттар Қытайға қарсы әрекет етуді емес, керісінше көмектесуді көздеп отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Қытай туралы алаңдамаңыз, бәрі жақсы болады! Құрметті төраға Си [Цзиньпин] ең жақсы сәтті бастан өткеріп жатқан жоқ. Ол өз елі үшін экономикалық депрессияны қаламайды, мен де қаламаймын. АҚШ Қытайға зиян тигізбестен көмектескісі келеді, - деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Бұған дейін АҚШ-тың сауда келіссөздеріндегі өкілі Джеймисон Грир Fox News арнасына берген сұхбатында Қытайдың экспорттық бақылауға, соның ішінде сирек кездесетін металдарға қатысты жаңа шектеулер енгізгенін хабарлап, бұл мәселеге байланысты Пекинмен телефон арқылы келіссөз жүргізуге өтініш жасағанын айтқан. Алайда Қытай тарапы әңгімені кейінге қалдырған.

Сондай-ақ Трамп алдағы АТЭС саммиті аясында ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуден бас тартпағанын, бірақ оның өтетініне сенімді емес екенін де жеткізген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы