Президентке сауда саласының 2025 жылға дейінгі даму мүмкіндіктері баяндалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Бақыт Сұлтанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрлік жұмысының нәтижелері жайында, сондай-ақ, сауда саласының 2025 жылға дейінгі даму мүмкіндіктері мен перспективасы туралы баяндады, - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы министрге сауда саласының сыртқы нарықтарға шығуын қалпына келтіру және оны одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Президенттің пікірінше, отандық тауар өндірушілердің экспорттық мүмкіндіктерін қолдау, сондай-ақ, техникалық реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі арқылы ішкі нарықты сапалы әрі қауіпсіз өніммен қамтамасыз ету маңызды міндеттердің бірі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы