Сауда министрлігі сингапурлық ірі кәсіпорынмен ынтымақтастыққа қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен сингапурлық CrimsonLogic Pte Ltd Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум негізінде сауданы қаржыландыруды, сауданы визуализациялау жүйесін және электрондық сертификаттар мен Қазақстан Республикасында сауданы басқару бойынша платформа іске қосуға болады.

Сауданы қаржыландыру жүктердің бастапқы көзден соңғы межелі жерге өтуін жеңілдетеді. Ол сонымен қатар жүктерді сақтандыру мен B2B төлемін қамтиды.

Нақты уақыт режимінде бірнеше көздерден сауда ақпаратының үлкен көлемін біріктіру арқылы сауданы визуализациялау жүйесін құру, оларды визуализациялауға тез және оңай талдау үшін есептер шығаруға бағытталған. Сондай-ақ, сауданы визуализациялау жүйесі ақпараттық шешімдер қабылдау үшін әлеуетті қиындықтар мен мүдделі тараптар арасындағы күрделі қатынастарға қатысты тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін, заңдылықтары мен тенденцияларын көрсетеді.

Біз үшін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігімен ынтымақтасу, Қазақстан үшін саудаға жәрдемдесудің ұлттық платформасын іске асырудың түрлі бағыттарын зерделеу және түсіну үлкен мәртебе. CrimsonLogic әлемдегі алғашқы бір терезені ұсына отырып, әрқашан сауданы цифрландырудың алдыңғы шебінде болды. Осы ынтымақтастықтың арқасында біз Қазақстанға саудадағы цифрлық трансформацияны жүзеге асыруға және жаһандық тауарлар ағынындағы сындарлы торап ретіндегі өз позицияларымызды нығайтуға көмектесуге тырысамыз - деп атап өтті CrimsonLogic компаниясының Бас директоры Saw Ken Wye.

Электрондық сертификаттар – бұл бастама сертификатты онлайн-режимде неғұрлым жылдам беру және алу үшін интеграцияланған электрондық процесті қамтамасыз етеді, сондай-ақ осы веб-қосымша сертификаттарды қауіпсіз электрондық ортада бөгде алушыларға арналған лезде беруге мүмкіндік береді.
Сауданы цифрландырудың жоғары маңыздылығын түсіне отырып, әлемнің 43 елінде IT бастамаларды іске асыруда 30 жылдан астам тәжірибесі бар CrimsonLogic компаниясымен ынтымақтастығымызды Біз жоғары бағалаймыз. Бұл бастамалар сауданы трансформациялаудың триггері болады деп үміттенеміз, - деп түсіндірді ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы