Сауда министрлігі бағаның өскеніне қатысты шағымды қайда жіберу керегін түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) шекті бағаларын қайда қарау және шағымдарды қайда жіберу туралы сұраққа жауап берді.

Бірінші кезекте, Ержан Қазанбаев ӘМАТ-қа шекті мәндерді әкімдіктер әр өңір үшін жеке белгілейтінін және елдің басқа өңірлеріне таралмайтынын түсіндірді.

"Шекті бағалар туралы мәліметтер ашық болып табылады және "Әділет" порталы мен әкімдіктердің ресми сайттарын қоса алғанда, ашық көздерде орналастырылады, - деп атап өтті Комитет төрағасы.

 Сондай-ақ, Ержан Қазанбаев қандай мемлекеттік органдарға бағаның өсуіне қатысты шағымдармен жүгінуге болатынын айтты.

 Бірінші арна - бұл әкімдіктер, өйткені бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдарда сауда желілерінде баға қоғамдық бақылауды тарта отырып, сауда үстемесінің 15%-ынан аспауы үшін сауда үстемелерін, сыйақыларды бақылау бойынша құрал бар.

 Екінші тетік - Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті және Комитеттің аумақтық департаменттері. Сонымен қатар жақын арада аумақтық департаменттер арқылы жүгіну мүмкіндігі пайда болатын Сауда комитетіне, сондай-ақ E-tutynushy платформасы арқылы жүгінуге болады, ол арқылы ӘМАТ бағасын көтеретін дүкенге шағым беруге болады.

Үшінші мемлекеттік орган - бұл ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және оның аумақтық департаменттері, онда азық-түлік өнімдерінің жасанды тапшылығы немесе баға алыпсатарлығы пайда болды деген күдік туындаған жағдайда жүгінуге болады. Осыдан кейін әкімдіктердің, СИМ және БҚДА тарапынан белгілі бір ден қою шаралары қабылданатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы