Сауда министрі Солтүстік Қазақстан облысына барды
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бизнес қауымымен сындарлы диалог өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық әкімдікте министр, СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов және еліміздің төрт аймағы: Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының бизнес өкілдерінің қатысуымен сауданы дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кездесуде отандық тауар өндірушілердің сауда сөрелеріне жету және ішкі нарықты қорғау мәселелері талқыланды. Еліміздің бизнес қауымымен сындарлы диалог өтті.
Сондай-ақ Сауда және интеграция министрлігі мен ҚР Сауда желілері одағы арасында отандық тауар өндірушілер мен сауда нысандарын қолдау бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды
Келесі жаңалық
Қарулы күштерде ЖЖМ қызметіне қатысты нұсқаулық бекітіледі
Өзгелердің жаңалығы