Сауда министрі доллар бағамына қатысты пікір білдірді
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев доллар бағамының өсуі экспорт пен импортқа қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің сөзінше, доллар бағасы макрофакторларға әсер етеді.
Импорт Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден жеткізіледі. Олар – Ресей, Беларусь және Қырғызстан. Қытайды да атап өтуге болады. Шекаралас көршілер – Өзбекстан, Тәжікстан. Біз олармен доллармен есептеспейміз. Қазақстан мен Ресей теңге-рубль арқылы, Қытаймен юань-теңге арқылы есеп айырысамыз. Сондықтан аптасына бір рет мониторинг жүргізіп отырмыз. Қазіргі индексті алсақ, осы айда 0,2% өсуін байқап жатырмыз. Оған доллардың қатысы жоқ. Ол – маусымаралық тенденция, - деді Шаққалиев.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ұлттық банк теңгенің әлсіреу себебін атады. Валюта нарығындағы жағдайға байланысты Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова түсініктеме берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Монаконың Ұлттық күнімен құттықтады
Келесі жаңалық
Семейде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды
Өзгелердің жаңалығы