26 Қыркүйек 2025, 11:30
Сауда министрі: Бағаны бақылау – нарықтағы тұрақтылыққа кепілдік
ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Астанадағы "Анвар" супермаркетін аралап, тауар бағалары мен сұрыпталымын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Астанадағы "Анвар" супермаркетін аралап, тауар бағалары мен сұрыпталымын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министр дүкен сөрелеріндегі өнімдерге назар аударып, халық үшін тауарлардың қолжетімді әрі тұрақты болуы маңызды екенін атап өтті.
Сауда ең алдымен халықты жұмыспен қамтиды, екіншіден, ел экономикасына үлес қосады. Сондықтан біз үшін тауар түрлерінің мол болуы, әртүрлі әлеуметтік топқа сай таңдау жасай алу және ешқашан тапшылық пен жасанды дүрбелең туындамауы аса маңызды, – деді министр.
Арман Шаққалиевтің айтуынша, баға мен сұрыпталымды бақылау — нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етіп, азаматтардың қажеттілігін толық өтеуге мүмкіндік береді.
- ЕО-ның бес елі мигранттарды Руандаға депортациялауға келісті 05:43
- Шымкентте дарынды балаларға арналған лицейдің жатақханасынан өрт шықты 03:46
- Биткоин 60 мың долларға дейін құлдырауы мүмкін: криптонарықта алаңдаушылық күшейді 02:50
- Астанада мас күйінде электромопед жүргізген жігіт 20 тәулікке қамалды 01:45
- Елімізде техногендік қалдықтарды игеру құқығы аукционға шығарылады 00:25
- Қойма мен жүк көліктері өртенді 16.11.2026
- Қазақстанда фермерлік кәсіпорындар саны 21 мыңға жетті 16.11.2026