Сауда министрі: Бағаны бақылау – нарықтағы тұрақтылыққа кепілдік

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Астанадағы "Анвар" супермаркетін аралап, тауар бағалары мен сұрыпталымын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр дүкен сөрелеріндегі өнімдерге назар аударып, халық үшін тауарлардың қолжетімді әрі тұрақты болуы маңызды екенін атап өтті.

Сауда ең алдымен халықты жұмыспен қамтиды, екіншіден, ел экономикасына үлес қосады. Сондықтан біз үшін тауар түрлерінің мол болуы, әртүрлі әлеуметтік топқа сай таңдау жасай алу және ешқашан тапшылық пен жасанды дүрбелең туындамауы аса маңызды, – деді министр.

Арман Шаққалиевтің айтуынша, баға мен сұрыпталымды бақылау — нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етіп, азаматтардың қажеттілігін толық өтеуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы