Сауда комитетінің жауабы : Доллар арзандады, бірақ азық-түлік бағасы неге түспейді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Азық-түлік бағалары қашан тұрақталады? Журналистің қойған сұрағына СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар  Әбілдабеков жауап берді.

Доллар бір күнде өсті, бірақ қанттан басқасы бір күн ішінде өсіп кеткен жоқ. Қалған азық-түлік тауары да біртіндеп көтерілді. Ал қазір доллар бағамы қайта түсті, алайда оның ертеңінде бірден баға төмендемейді. Қазір өндірушілер доллар ертең не болады деп күтіп отыр. Егер доллар бағамы осы айдағыдай тұрақталса азық-түлік бағасы да түседі деп ойлаймын. Біз нарықтық экономикасы бар мемлекетпіз оның өз заңдылықтары бар, - деді Айдар  Әбілдабеков Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Әбілдабеков ФАО мәліметтері бойынша наурыз айында әлемдік бағалар келесідей көрсеткіштерге дейін жеткенін айтқан болатын.

Атап айтсақ, жылдық мәнде бағалар 34 пайызға өсті. Және наурыз айында ғана бағаның өсуі 12,6 пайызды құрады. Мысалы, өсімдік майларының бағасы 56,1 пайызға, дәнді дақылдар 37,3 пайызға, сүт өнімдеріне 23,6 пайызға және қантқа 22,6 пайызға өсті. Азық-түлік инфляциясының өсуі көрші елдерде де байқалады. Мәселен, Ресейде азық-түлік инфляциясы наурыз айына дейін 18 пайызды ал Өзбекстанда 14,4 пайызды құрап отыр, -деді СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар  Әбілдабеков.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы