Сауда дауы: Канада америкалық тауарларға баж салығын көтерді
Қосымша баждар америкалық болат пен алюминий өнімдеріне, сүт өнімдеріне және басқа да бірқатар тауарға қолданылады.
Канада АҚШ-тың сауда шектеулеріне жауап ретінде бірқатар америкалық тауарға 15%-дан 50%-ға дейін қосымша кедендік баж енгізді. Жаңа тарифтер 8 қыркүйектен бастап күшіне енді. Қосымша баждар америкалық болат пен алюминий өнімдеріне, сүт өнімдеріне және басқа да бірқатар тауарға қолданылады.
DW мәліметінше, тарифтер қамтитын импорттың жалпы құны шамамен 20 млрд долларды құрайды.
Бұл шешім АҚШ пен Канада арасындағы сауда дауының күшеюі аясында қабылданды. Бұған дейін Вашингтон Канададан импортталатын шарап, жиһаз, сүт өнімдері, цемент, киім және бірқатар басқа тауарға 50% баж енгізген еді.
Сонымен қатар АҚШ президенті Дональд Трамп канадалық Bombardier компаниясын ұшақтарын АҚШ аумағында өндіруге шақырып, кері жағдайда олардың америкалық нарықта сатылуына шектеу қоюы мүмкін екенін мәлімдеді.
«Егер олар біздің нарыққа қол жеткізгісі келсе, өнімді осында шығаруы керек», – деп жазды Трамп.
Канада премьер-министрі Марк Карни қарсы тарифтер енгізу ел ішінде бағаның өсуіне және тауар таңдау мүмкіндігінің азаюына әкелуі мүмкін екенін мойындаған. Дегенмен ол Оттаваның АҚШ шараларына жауап беруге мәжбүр болғанын мәлімдеді.