Сауда базарларын жаңғыртуда Жол картасы бекітілді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында СИМ Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айдар Әбілдабековтің айтуынша, қазіргі заманғы сауда форматтарының үлесі 33%-ға дейін жеткен.

Жол картасында 75 базарды жаңғырту көзделген. Бүгінгі таңда сауда базарлары, қала құрылысы, санитарлық, өрт стандарттарына сәйкес келе бермейді. Сондықтан, біз қазір өңірлерге барып, базарларды жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға мониторинг жүргізіп, жаңғыртуы қажет объектілерді анықтап жатырмыз, - деді ол.

Қазіргі уақытта қосымша 64 жаңғыртылуы қажет сауда базары анықталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы